RU

Алматыдағы "Қазақфильм" аумағында өрт шықты (фото, видео)

Алматыдағы "Қазақфильм" аумағында өрт шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz: UGC

Өрт Әл-Фараби даңғылындағы "Қазақфильм" киностудиясының аумағында шыққан. Әзірге белгілісі, онда декоративтік контейнерлер жанып кеткен.

Алматыдағы төтенше жағдайлар департаментінің "101" нөміріне сағат 16:54-те өрт туралы ақпарат келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минуттан кейін, 17:04-те келіп жеткен.

"Белгілі болғандай, түсірілім жұмыстарына арналған декоративтік құрылымдар жанып кеткен. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды жеті минут ішінде алауыздықтап үлгерді. Өрт толықтай 17:20-да сөндірілді", - деп хабарлады қалалық ТЖД.

Айта кетейік, тілсіз жау 60 шаршы метр жерді шарпыған.

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ.

Өрт шыққан орында "Томирис" фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760800-almatydagy-kazakfilm-aumagynda-rt-sykty-foto-video.html