RU

Куәгерлер: "Қазақфильм"-дегі өртті жасөспірімдер қойған

"Қазақфильм" киностудия территориясында болған өртке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 30 қазан күні, сағат 17:00 шамасында, "Қазақфильм" киностудиясының аумағында орналасқан "Вавилон" декорациясында болған.

"Куәгерлердің айтуынша, декорацияны жасөспірімдер өртеген. Жақын маңда жүрген тұрғындар өртенген аумақтан қашып бара жатқан жасөспірімдерді көргендерін айтады", - делінген хабарламада.

Қыркүйек айында "Томирис" фильмінің соңғы түсірілімдері өткен "Вавилон" декорациясы бүлінбеген.

Өрт болған аумақ 60 шаршы метрді қамтыған. Қазіргі таңда өрт түгел сөндірілген. Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бүгін "Қазақфильм" аумағында өрт шыққаанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760827-kugerler-kazakfilm-degi-rtti-zasspirimder-kojgan.html