RU

Оралда 19 жастағы қыз сегіз тәуліктен бері табылмай жатыр (фото)

Гүлдана Тұржанова есімді бойжеткен қазанның 21-нен 22-сіне қараған түні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазір оны іздеу жұмыстарымен полиция қызметкерлері айналысып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Оралда 19 жастағы қыз сегіз тәуліктен бері табылмай жатыр (фото)
Гүлдана Тұржанова. Фото: отбасылық архивтен: UGC

Гүлдананың анасы өз қызының өте ұяң екенін айтады. Бұған дейін ол жоғалып көрмепті. Педагогикалық колледждің 4 курсында оқитын қыздың жақын достары мен құрбылары да аса көп болмаған көрінеді.

"Қызымның телефоны сөндіріліп жатыр. Полиция қызметі бізге оның әлеуметтік желідегі барлық парақшалары өшіп жатқанын айтты. Оның куәлігі мен әмияны үйде қалған. Біз Гүлдананың қайда кеткенін білмейміз және оны табуға көмектесулеріңізді сұраймыз", - дейді анасы Альбина Төлеуова.

Ал Гүлдананың әкесі Мұратбек Төлеуов болса үйде ешқандай жанжал болмағанын, қызының жалғыз құрбысы да ол туралы ештеңе білмейтінін алға тартты.

Тұржанованың жоғалып кеткені туралы арыз Ішкі істер органдарына берілген. Алайда полицейлерден әзірге еш хабар болмай отыр.

Егер Гүлдананы көрген-білген жандар болса, мына нөмірге хабарласа алады: 8 777 569 10 88.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760838-oralda-19-zastagy-kyz-segiz-tulikten-beri-tabylmaj-zatyr-foto.html