RU

Оңтүстіктен солтүстікке көшкен тұрғындарды қолдауға 15 миллиард бөлінген

Қазақстанда оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударған жанұялардың саны мың жарымнан асып кеткен. Тұрғындардың басым бөлігі СҚО, ШҚО, Қостанай және Павлодар облыстарына көшіп барыпты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

рппавыы
Көрнекі фото: segodnya.ua: UGC

Алайда мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті мекенжайларын ауыстырған жандар баспана мәселесін әлі де шеше алмай жүр екен. Себебі, қоныс аударушыларға пәтер жалдап тұру үшін қаржы бөлінсе де, хал-ахуалдары оңалмай тұр.

Сол себепті, 2018 жылдан бері көшіп келген жанұяларға арнайы үйлер тұрғызылмақшы. Тұрғындар өздері жалға алған баспаналарын 15 жылдан соң жекешелендіріп ала алады.

Демографияны көтеріп, жұмыс күшін көбейту мақсатында биылдың өзінде еліміздің солтүстігіне 3 мыңнан аса отбасылы жандарды көшіру жоспарланған. Десе де, жалдамалы пәтерлер жұмысқа шақыртумен келген жанұяларға ғана беріледі екен.

"2019-2021 жылдарға мемлекеттік бағдарламаға қажетті 15 млрд теңге көлеміндегі қаржы бюджетте көзделген. Осы орайда, алдағы үш жыл ішінде көшіп келетін үш мыңға жуық отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда, - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760842-otstikten-soltstikke-ksken-trgyndardy-koldauga-15-milliard-blingen.html