RU

Өскеменде бесінші қабаттан құлаған жас қыз тіл тартпай кетті

Өскемендік бойжеткен бесінші қабаттың терезесінен құлап, қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

рарара
Көрнекі фото: inforeactor.ru: UGC

Қайғылы оқиға 30 қазан күні орын алған. Биіктен құлаған қыздың денесін куәгерлер тауып алыпты. Кейін олар полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары өз кезегінде бойжеткеннің бесінші қабаттағы үйдің терезесінен құлағанын мәлімдеді. Алайда оның өліміне не себеп болғаны анықталмады.

Қазір полицейлер қылмыстық істі тергеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760846-skemende-besinsi-kabattan-klagan-zas-kyz-til-tartpaj-ketti.html