RU

Сағадиев: Балабақша тәрбиешілерінің өздерін тәрбиелеу керек

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балабақшада бүлдіршіндерге қол көтеретін тәрбиешілерге қатысты түсініктеме берді. Оның сөздерінше, бұдан былай бөбекжай қызметкерлеріне қойылатын талап күшейтілмекші. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

сағадиев
Ерлан Сағадиев. Фото: taima.kz: UGC

Қазіргі таңда еліміздегі балабақшаларда қызмет ететін 55 мың адамның ішінде ЖОО-да арнайы оқығандар жартысына да жетпейді екен.

Сонымен қатар, бұл мамандық бойынша жыл сайын тоғыз мыңға жуық түлек университетті тәмамдаса да, 90 пайызы жұмыссыз жүреді.

Сол себепті, жағдайды реттеу үшін тәрбиешілерге қойылатын талап өзегеретін болады.

Яғни, санаттарын жоғарылату мақсатында олардың бәрі бірдей аттестациядан өткізіледі. Сондай-ақ, әр адамның санатына сәйкес алатын еңбекақыларының көлемі 30-дан 50 пайызға дейін өседі.

Осылайша, Сағадиев мырза кішкентай сәбилерді таяқтап отырып тәрбиелеп жүрген тәрбиешілердің өздерін де қайта тәрбиелейтінін айтты.

"Олардың өздерін тәрбиелеу керек. Сол үшін арнайы курстар қарастырылған. Мысалы, қамқоршылар кеңесі арқылы мектептердегі жағдай біршама реттелді. Сол үшін де балабақшадағы осындай жағдайлардың алдын алудың жалғыз жолы қоғамдық бақылау деп ойлаймын", - дейді министр.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760850-sagadiev-balabaksa-trbiesilerini-zderin-trbieleu-kerek.html