RU

Қарсыласын тепкен Аршавин Қазақстан чемпионатындағы екі ойыннан шеттетілді

Алматылық "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Андрей Аршавин дөрекі ойын көрсеткені үшін Қазақстан чемпионатының екі ойыннан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Sputnik / Игорь Катаев
Фото: Sputnik / Игорь Катаев: UGC

Комитеттің хабарлауынша, соңғы матчта Аршавин дөрекі әрі қауіпті ойын көрсеткен. Тіпті, ол "Ертіс" командасының футболшысын теуіп жібергені үшін бірден қызыл қағаз алыпты.

Нәтижесінде Қазақстан футбол федерациясы Андрей Аршавинді Қазақстан чемпионатында екі ойыннан шеттету туралы шешім қабылдаған. Ойындардан аластату мерзімі 27 қазаннан басталды.

Айта кетейік, алматылық "Қайрат" "Ертіс" командасына есе жіберіп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760871-karsylasyn-tepken-arsavin-kazakstan-cempionatyndagy-eki-ojynnan-settetildi.html