RU
Индонезиялық тұрғын Boeing 737 апатынан ғажайыптың күшімен аман қалды

Индонезиялық тұрғын Boeing 737 апатынан ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Индонезия қаржы министрлігінің қызметкері Ява теңізіне құлаған Boeing 737 ұшағының апатынан аман қалды. Сони Сетьяван есімді азаматты өлімнен кептеліс құтқарған деп жазады REN-TV арнасына сілтема жасаған NUR.KZ.

vokrugsveta.ua

Фото: vokrugsveta.ua

Сони Сетьяван сөзінше, ол әуежайға 10 минутқа кешігіп, ұшақ бортына отыруға үлгермей қалған.

Бұл қайғылы оқиғадан қаржы министрлігінде қызмет еткен оның 20 әріптесі опат болған. Олар үнемі осы рейспен ұшады екен.

"Әдетте мен әуежайға таңғы үште келетінмін, бірақ бұл жолы ұшаққа кешігіп қалдым. Менің отбасым өзін қоярға жер таппай жатты. Мен оларға хабарласып, аман екенімді айттым. Тірі қалғаным үшін тағдырыма алғысым шексіз", - деді Сони Сетьяван.

Естеріңізге сала кетейік, Джакарта қаласынан Палкалпинангқа ұшып бара жатқан Lion Air әуе компаниясының ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін 13 минут өткен соң радарлардан жоғалып кеткен болатын. Кейін ұшақтың Ява теңізіне құлағаны анықталды.

Әуе кемесінде экипаж мүшелерін қосқанда 189 адам болған, олардың барлығы ажал құшты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
6
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel