RU
Даулы оқиғаларымен ел есінде қалған жұлдыздар кімдер? (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Даулы оқиғаларымен ел есінде қалған жұлдыздар кімдер? (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Сахнада жүрген серілер мен сұлулардың барлық еркелігін халық көтере білгенімен, шектен асқан ессіздікті жұрт кешірмейтін сәт те болады. NUR.KZ назарларыңызға шулы оқиғаларымен ел есінде қалған өнер иелерін ұсынады.

Фото:Today.kz,carmen.kz,newmuz.kz,Gakku.kz, коллаж nur.kz, видеодан кадр

Фото:Today.kz,carmen.kz,newmuz.kz,Gakku.kz, коллаж nur.kz, видеодан кадр

Бұл тізімнің көшін бірнеше рет даудың ортасында қалған Төреғали Төреәлі бастап тұр. Жақында ғана жаңа фильмінің тұсауын кескен Ұлы дала баласының басы үнемі даудан арылмайтындар қатарында. Әншінің анасы да ұлының "тұзы жеңіл" екенін атап өтті.

Әншінің Павлодар сахнасындағы тыңдарманына дөрекі сөйлеген әрекетін көпшілік біраз уақытқа дейін қызу талқыға салды.

Ол дауға нүкте қойылған сәтте, "Алматы-Гонконг" бағытындағы ұшақ бортына билетсіз кірген Төреғали тағы да шу шығарды.

Әйелі мен балаларын ұшаққа отырғызған әнші жолушыларды жолынан 18 минутқа кеш қалдырған.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің даулы оқиғалары жайлы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Бейбіт Қорған Атырауға концерт қоюға барып, өзіне жақпай қалған "Ақ жайық" басылымының тілшісіне айбат көрсеткен. Соққыдан ерні ісіп, тізесі жараланған журналист әншіні сотқа бергенімен, бұл іс соңына дейін жетпеген.

"Шоқ қыздармен" талайдың жүрегін жаулаған Бейбіт Қорғанның осыдан кейін ел алдындағы беделіне нұқсан келді.

Қайрат Түнтековтің де шарықтаған жұлдызы тағдыр бір-ақ күнде өзгеді. Шымкентте көлігімен адам қағып кеткен әнші 40 күнге абақтыда отырып шықты. "Super star" жеңімпазының басы 2017 жылға дейін аталмыш даудан арылмады.

Қайрат Түнтеков бүгінде қайтадан өнер әлеміне қадам басуда.

Қайрат Нұртастың да балағат сөздер айтқан видеосы желіге лезде таралып кетті. Хитмен қолына пышақ ұстап, өзін видеоға түсірген Серікбол Сайлаубекке балағат сөз айтқан.

Айта кетейік, әнші бұл видеоны таратып жіберді деп Серікбол Сайлаубекке өкпелеген де болатын.

Сондай-ақ Қайрат Нұртастың "Прайм плазадағы" ең даулы оқиғасы да ел есінен әлі күнге кетпеді. Бірнеше жыл бойы айтылмай келген шындықты әншінің өзі халық алдында жайып салды.

Бүгінде бірнеше фильмге түсіп, халыққа кеңінен танылған Әсел Сәдуақасованың да жалаңаш суреті желіге таралып кеткен болатын. Әнші бұл суреттің фотошоп екенін айтып, көпшілік алдында мәлімдеме жасады.

Бауыржан Ибрагимов. Фото: Gakku.kz

Бауыржан Ибрагимов. Фото: Gakku.kz

Театрдың тарланы атанған Бауыржан Ибрагимов қонақүйге барып, тіркеу бөліміндегі қызды балағаттаған болатын. Әртістің видеосы кейін желі арқылы жалпақ жұртқа таралып кетті.

Кейінірек "Бауыржан шоу" театрының басшысы бойжеткеннен кешірім сұрағанын мәлім етті.

Бұл тізімде күні кеше "Қызық таймс" бағдарламасының жүргізушілеріне балағаттаған Ерке Есмахан да бар. Клиптері миллион қаралым жинайтын әншінің бұл әрекеті де жұрттың назарынан тыс қалмады.

Тіпті журналист Арман Сқабылұлы әншінің бұл әрекетін қатаң сынға алды.

Естеріңізге сала кетейік, әншілердің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
9
1
2
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel