Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлды болуды армандаған әке жаңа туған қызын сатып жіберді

Опубликовано:

Қытайдың Чжэцзян провинциясында туған қызын сатқан ер адам тұтқындалды. Ұлды болуды армандаған әке туғанына он күн болған қызын сатып жіберген. Бұл туралы ukranews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

gorchichko.com
Көрнекі фото:gorchichko.com: UGC

42 жастағы Сяохуэя Ли есімді азамат ұлды болуды армандаған, алайда жұбайы екінші рет қыз сыйлаған екен. Бұған көңілі толмаған ер адам қызын баласы жоқ жұпқа төрт мың юаньға сатып жібермек болыпты.

Pear video
Фото:Pear video: UGC

Нәрестенің жоғалғанын Лидің анасы байқаған. Ол немересін бағуға келген, алайда ер адам көмегінен бас тартқан. Бұл қылығы әжейдің жүрегіне күдік ұялатқан екен.

"Немеремді туған кезде ғана бірнеше рет көрдім. Содан кейін оны көрген жоқпын. Ұлым мені үйіне де кіргізбей қойды", - деді Лидің анасы.

Біраз уақыт өткен соң ол келінімен кездескен, бірақ немересі үйде болмаған. Содан кейін кейуана полицияға хабарласқан.

Yiwu Police
Фото:Yiwu Police: UGC

Тергеу кезінде Ли кінәсін мойындаған. Ер адамның тұрақты жұмысы жоқ болғандықтан екі қызды қалай бағатынын білмегенін жеткізген. Ли тек ұл баланы бағуға әзір екенін айтқан.

15 қазан күні Иу қаласының полициясы қызды сатып алған жұпты тапқан.

Қыз баланы сатып алған ерлі-зайыптылар 10 жыл бойы бала сүюді армандаған жұптар екен. Олар шақалақты интернет арқылы сатып алған.

Полиция нәрестені сатып алған жұпты да, сәбидің әкесін де тұтқындады. Қыз бала анасы мен әжесіне табысталды. Аталмыш іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Yiwu Police
Фото:Yiwu Police: UGC

Айта кетейік, Қытай заңнамасына сәйкес бала және әйел адамдарды сатқандар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады, Тіпті өлім жазасына кесілуі де мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1760905-ldy-boludy-armandagan-ke-zaa-tugan-kyzyn-satyp-ziberdi/

pixel