RU

Моңғолия президенті ел парламенті тарамаса аштық жариялайтынын ашық айтты

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга елдегі парламент депаутаттарына "Ұлы халық хуралы" шұғыл түрде тарамаса, аштық жариялайтынын айтып қорқытты. Бұл туралы news.liga.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Халтмаагийн Баттулга. Фото: centralasian.org
Халтмаагийн Баттулга. Фото: centralasian.org: UGC
"Біз бұл мәселені қанша рет талқыладық. Мен ұсыныстарым мен түрлі шешімдерін айтып көрдім", - дейді президент.

Баттулганың пікірінше, парламент елдегі экономикалық дағдарыспен күресуге қауқарсыз.

Айта кетейік, жақында ғана көшбасшы "Ұлы халық хуралының" спикері Миегомбын Энхболдыға парламентті шұғыл түрде тарату туралы ұсынысын айтып, хат жазған болатын.

Онда парламенттің 2016 жылғы сайлау алдында берген уәделерін орындай алмағаны және жергілікті заңнамаға қарсы әрекет еткені жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760913-mogolia-prezidenti-el-parlamenti-taramasa-astyk-zarialajtynyn-asyk-ajtty.html