RU

Дүкенге азық-түлік алуға барған әйел кассада босанып қалды

Ресейдің Омск облысы Называевск қаласындағы супермаркетке азық-түлік алуға барған жүкті әйел кассаға жеткенде толғатып, сол орында босанып алған. Бұл туралы Life.RU сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: malyutka.net
Көрнекі фото: malyutka.net: UGC

Супермаркет қызметкерлері әйелдің өзін өте сабырлы ұстағанына таң қалғандарын айтады.

"Ол тіпті, ешкімнен көмек те сұраған жоқ. Жай дауыспен "босанып жатырмын" дей салды. Мен бірден жедел жәрдем шақырдым", - дейді дүкен әкмшісі Анна Цыбульская.

Болашақ ананың жанында құрбылары болған. Олар әйелді бірден еденге жатқызып, кассирмен бірге оны босандырып алған. Сәби небәрі екі минут ішінде дүниеге келген.

Супермаркетке жедел жәрдем қызметкерлері келіп жеткенде нәресте анасының үстінде жатқан.

Осылайша, ғажайыптың көмегімен дені сау, салмағы 3,6 келі болатын ұл бала дүниеге келді. Кейінірек белгілі болғандай, бұл әйелдің алтыншы баласы екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760921-dkenge-azyk-tlik-aluga-bargan-jel-kassada-bosanyp-kaldy.html