RU
20 жастағы бойжеткен құймақ жеуден жарысамын деп көз жұмды
Жаңалықтар Әлемде

20 жастағы бойжеткен құймақ жеуден жарысамын деп көз жұмды

Рассказать Вконтакте

АҚШ тұрғыны Кэйтлин Нельсон құймақ жеуден өткен жарыста қаза тапты. Қайғылы оқиға Коннектикут штатында болған деп жазады 24smi.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кэйтлин Нельсон/NBC Connecticut

Фото: Кэйтлин Нельсон/NBC Connecticut

20 жастағы студент қыз құймақ жеуден өткен жарыста қақалып қалыпты.

Бірнеше құймақ жегеннен кейін өне бойы дірілдей бастаған бойжеткен сәлден соң еденге ес-түссіз құлап түскен.

Шара кезінде кезекшілікте болған студент қыздар оған көмектесуге тырысып, куәгерлер құтқару қызметін шақырған.

Полицейлер қыздың тамағынан "тастай қатты құймақ кесегі" алынғанын мәлімдеді.

Кэйтлин Нью-Йорк қаласының медициналық орталығына жеткізілген, бірақ онда қызды өлімнен арашалап қала алмаған. Бойжеткен ауруханаға жеткенше бақилық болып кетіпті.

Құймақтарды әзірлеген мейрамхана болған жағдайды "жантүршіктірер оқиға" деп сипаттаған.

Қаза болған бойжеткеннің туысы Кэти Менсер-Хейдждің пікірінше мұндай жарыстар тек бір қарағанда ғана қауіпсіз болып көрінеді.

"Мұндай жарыстарға барлық тағамдар лайық емес. Қарапайым сақтық шаралары адам өмірін құтқаруға көмектесер еді", - деді Менсер-Хейдж.

Марқұм қыздың отбасы оның ішкі мүшелерін мұқтаж жандарға берген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel