Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы еліміздің ең үздік блогері атанды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы еліміздің қазақ тілді ең үздік блогері атанды. Отандық танымал тележүргізуші Қазақстан Медиа альянсының жүлдесіне ие болған деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызының өзі Instagram парақшасында хабарлаған. Танымал тележүргізуші қазақ тілді блогерлер арасында топ жарып, Social Media Awards жүлдесін жеңіп алды.

Ең қызығы жүлдегерлерді әділ қазылар алқасы емес, желідегі оқырмандар анықтаған. Яғни, үздік болып лүпілдері мен қаралым саны ең көп болған блогерлер танылды.

Ләйлә Сұлтанқызы парақшасында өзінің жеңімпаз атануына себепкер болған желі қолданушыларына алығысын білдірді.

"Бүгін Қазақстан медиа альянсы еліміздегі үздік блогерлер мен вайнерлерді Social Media Awards сыйлығымен марапаттады. Оқырмандардың қаралымы мен лайктары бойынша 15 аталым табыс етілді. Олардың қатарында мен де бармын. ⠀ Қоғамда болып жатқан жағдай мені бей-жай қалдырмайтыны рас. Айтқанның бәрі оратор, жазғанның бәрі блогер емес. Десек те, мақтап берген мадақтарыңыз клавиатурамның сенсорлығын күшейтпесе, кемітпейді. Сыйыма себепкер болған сізге рақмет, 2 086 062 оқырман.
2 млн көзқарас пен пікір, 2 млн тағдырдың алдындағы жауапкершілігімді сезінемін және сеземін" , - деп ағынан жарылды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760927-ljl-sltankyzy-elimizdi-e-zdik-blogeri-atandy/

pixel