Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хэллоуин күні бүлдіршіндер мен оқушылардың өлімі көбейетін болып шықты

Опубликовано:

АҚШ-тың медицина мамандары Хэллоуинді бала өміріндегі ең қауіпті күн деп жариялаған. Сол күні балалар жиі көлік астына түседі деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

shutterstock.com
Көрнекі фото:shutterstock.com: UGC

JAMA Pediatrics журналы Хэллоуинді балалар үшін ең қауіпті күн деп жариялады.

Хэллоуин күні балалар көрші аулаларға барып, кәмпит жинайды. Ал хэллоуин сауықкештері ересектер мен студенттер арасында кеңінен таралған көңіл көтеру түрі.

"Қорқынышты костюмдер, көтеріңкі көңіл-күй, ішімдік, мұның бәрі көшені қауіпті жерге айналдырады", - деді Британдық Колумбия университетінің маманы Джон Стейплс.

Хэллоуин батыс елдерінің бейресми күзгі мейрамына айналған. Ежелден келе жатқан мейрам болса да, костюмдер кию, адамдарды қорқыту, асқабақты ойып мүсінін жасау үрдісі 20 ғасырдың басында ғана пайда болған.

Ғалымдар АҚШ-тағы жол қызметінің 1975 пен 2016 жылдар аралығындағы статистикасын талдап, Хэллоуин түнінде көлік апаты көп болатынын, оның құрбандары көбінесе балалар екенін анықтаған.

Мамандардың айтуынша, бұл түні басқа түндермен салыстырғанда адам қазасының саны 43 пайызға артады екен. Құрбандардың көбі балабақша және мектеп жасындағы балалар.

Ғалымдар Хэллоуинді тойлауға тыйым салу керек деп айтпайтындарын баса айтып өтті. Мәселені балалар көп жиналған жерде көлік жүрісін шектеп немесе көлік жылдамдығын шектеу арқылы шешуге болатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1760948-hellouin-kni-bldirsinder-men-okusylardy-limi-kbejetin-bolyp-sykty/

pixel