RU
Болат Назарбаевтың қызы Q-pop бағытында ән орындамақ (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Болат Назарбаевтың қызы Q-pop бағытында ән орындамақ (фото)

Рассказать Вконтакте

"BN" тобының бұрынғы солисті Альбина Назарбаева өзін жаңа бағытта сынап көрмек. Танымал әнші біраз уақыт үзілістен соң тыңдармандарын ерекше стилімен қуантты деп жазады NUR.KZ.

Болат Назарбаевтың қызы Q-pop бағытында ән орындамақ (фото)

Альбина Алматыда өткен JUZ Entertainment Q-pop фестивалінде өнер көрсетті. Жаңа бағытта жарқырай көрінген әншіні тыңдармандары да жылы қабылдады.

"Осы әнді орындап, тыңдармандарыма жаңа леппен оралу үшін 2-3 ай дайындалдым. Шынымды айтсам, өзіме ерекше күш-қуат алдым. Сахнадағы сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұйырса, осы бағытты өзімді әлі де жетілдіріп, алға қадам басуды көздеп отырмын", - дейді жас әнші Альбина Болатқызы.

Әнші болашақта әнге бейнебаян түсіріп, елімізде Q-pop бағытын дамытуды мақсат етіп отыр.

Еске сала кетейік, аталған фестивальге Альбинаның анасы Гүлнұр Назарбаева қаржылай демеушілік көрсетіп, мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.

Айта кетейік, еліміздегі әншілердің су жаңа туындыларын біздің MusicNur қосымшасынан жүктей аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
118
17
13
6
5
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel