Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қараша айында ауа райы қандай болады?

Опубликовано:

Синоптиктер қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың болжамынша күздің соңғы айында еліміздің барлық өңірлерінде күн суытып, жауын-шашын болады. Бұл туралы Gismeteo сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: ru.slovoidilo.ua
Көрнекі фото: ru.slovoidilo.ua: UGC

Қараша айының басынан аяғына дейін Ақмола облысында күн суытып, қар аралас нөсер жауады. Ал айдың ортасына қарай ауа температурасы күндіз 8 градусқа, түнде 11 градусқа, ал соңында 17 градусқа дейін төмендейді.

Ал Ақтөбе облысында қараша айында ауа температурасы жоғары болады. Бұл өңірде айдың орташа температурасы күндіз 3 градусты, түнде 2 градус жылыны көрсетеді.. Жауын-шашын қарашаның ортасы мен екінші жартысында күтіледі.

Алматы облысында 1 қараша күні ауа райы күндіз 1 градус жылы болса, ал түнде 6 градус суықты көрсетеді. Дәл осы күні өңірде қар аралас жаңбыр жауады. Облыста айдың ортасына қарай ауа райы суыта бастайды.

Атырау облысында қараша айының басы ашық ауа райымен басталса, айдың екінші жартысы облыс тұрғындарын суық ауа райы әбігерге салуы мүмкін.

Салқын ауа райын Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары да сезеді. Қараша айының басында күн суытып, ай соңына дейін тек жауын-шашын күтіледі.

Қараша айының басында Жамбыл облысында ауа температурасы төмендеп, нөсер жаңбыр болады деп күтілуде. Ал жалпы суық ауа райы айдың ортасынан басталады. Қарашаның соңы тұрғындарды жылы температурамен қуантпақ.

Батыс Қазақстан облысында айдың басында жылы температура сақталады. Тек қарашаның ортасына қарай өңірде нөсер жаңбыр болып, күн суытуы ықтимал.

Қарағанды және Қостанай облыстарында да дәл осындай жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Ай ортасында өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.

Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында ай басында жылы ауа райы күтіледі. Алайда қарашаның ортасында екі өңірде күн райы жауын-шашын болмақ. Қызылордада айдың екінші жартысында күн жылуы мүмкін.

Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында қараша айының басында қар жауады. Бір ай бойы бұл өңірлерде жауынды ауа райы сақталады.

Қысы тұрғындарға жайлы Түркістан облысында қарашаның екінші жартысында ғана күн суытуы мүмкін. Бұл өңірде айдың соңында қайта жылы температура орнай бастайды.

Шымкент пен Алматы қалаларында қараша айы жауын-шашынмен басталса, Астанада қар жауады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1760958-karasa-ajynda-aua-rajy-kandaj-bolady/

pixel