RU
31 жылдан кейін ұлымен қауышқан ана көз жасын тыя алмады (фото)
Жаңалықтар Әлемде

31 жылдан кейін ұлымен қауышқан ана көз жасын тыя алмады (фото)

Рассказать Вконтакте

Канада тұрғыны 31 жыл өткен соң жоғалған ұлымен кездесті. Баланы 1987 жылы өз әкесі ұрлап кеткен деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az

Джермейн Аллан Маннды екі жасар кезінде әкесімен кездесуге жіберген. Осыдан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен сәбиді полиция жылдар бойы іздегенімен, таба алмайды.

Кейінірек белгілі болғандай, Алланды әкесі АҚШ-қа алып кетіп, бірнеше жыл бойы жалған атпен жасырынып жүрген. Ол сәбиінің туу туралы куәлігін де өзгертіп, екеуі Техас тұрғындарына айналады. Бала 30 жыл бойы өзінің анасы ерте қайтыс болып кеткен деп ойлап келіпті.

Азаматтың қылмысы мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алатын кезде әшкереленді. Тексеріс кезінде оның құжаттары жалған екені белгілі болады. Полиция ересек жігіттің жоғалған сәби суретімен сәйкестігін анықтаған.

Енді ер адам бала ұрлығы мен жалған құжат жасатқаны үшін айыпталуда. Ал 33 жасқа келген Алланды көруге анасы Канададан арнайы келді.

"Мен өзімнің қандай сезімде болғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Құдайым-ау, бұл менің балам ғой", - дейді көз жасын тоқтата алмаған әйел.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel