RU
Шымкентте бүлдіршінді аяусыз соққыға жыққан әйел түрмеге отыруы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте бүлдіршінді аяусыз соққыға жыққан әйел түрмеге отыруы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының полиция департаменті соққыға жығылған бүлдіршіннің ісіне қатысты мәлімдеме жасады деп жазады NewTimes сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

pandaland.kz

Фото:pandaland.kz

"Бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел адамға қатысты ақпараттар тексеріліп жатыр. Оның бұрын жарияланған видеоға қатысы бар екені анықталды", - деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.

Бірінші факті бойынша қылмыстық кодекстің 140 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны анықталды.

Бұл бап бойынша айыпталушы 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, 180 сағатқа дейін түзеу жұмыстарына тартылады немесе 60 тәулікке түрмеге қамалуы мүмкін.

"Әйелге қажетті сараптама тағайындалды", - деп қорытындылады полиция департаментінің қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қазан күні Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының дәретханасында баласын ұрып тастаған әйелдің видеосы желіге тараған.

28 қазан күні Шымкент қаласында қолын дәкемен танып алған әйелдің бүлдіршінді тағы да ұрып тастағанын жазған болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel