RU
Nova City: Астананың сол жағалауында сапалы тұрғын үй кешені бой көтерді
Жаңалықтар Қоғам

Nova City: Астананың сол жағалауында сапалы тұрғын үй кешені бой көтерді

Рассказать Вконтакте

Екі жыл ішінде Астананың сол жағалауындағы 15,5 гектар учаскеде тұтас шағын аудан - Nova City тұрғын үй кешені бой көтерді. Қазір жоспардағы 23 үйдің 14-і тапсырылды, ал бұл 2 425 пәтер және онда тұрып жатқан 2 425 бақытты отбасы.

Nova City – Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үйдің жаңа сапасы

Құрылыс саласындағы бұл айтулы оқиға 2016 жылы басталды: қолжетімді тұрғын үй жобаларын дамыту және индустриялық үй құрылысының жаңа технологияларын енгізу үшін BI Group холдингі OTAU Development Group еншілес компаниясын құрды, ол «Нұрлы жер» қолжетімді тұрғын үй құрылысын қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорымен» бірлесіп, алғашқы жобасы - Nova City тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады. Бүгін компания бұл үймен қолжетімді тұрғын үйдің сапалы, әдемі және жайлы бола алатынын іс жүзінде дәлелдеді.

Nova City – Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үйдің жаңа сапасы

Бұл жоба компанияның төлқұжаты болды десе болады. Заманауи қасбеті, кең кіреберістері, қауіпсіз балалар алаңдары, заманауи инженерлік жабдықтары және өртке қарсы қауіпсіздік жүйесі бар 23 үйден тұратын тұрғын үй кешені - тұрғын үй нарығындағы талаптарға сай.

Nova City – Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үйдің жаңа сапасы

Жоба комфорт пен эконом кластағы тұрғын үйдің әлемдік үрдістерін ескере отырып әзірленді. Табысты және танымал жобаның атын енді компания иеленіп отыр, компанияның атауын өзгерту – компания қабылдаған стратегиялық шешімдердің бірі болды. Бүгін Астананың тұтас шағын ауданына айналған тұрғын үй кешені күн санап өсіп келеді, компания да өсуде. Ал Nova City-ді көпшілік эконом кластағы жоғары сапалы тұрғын үй ретінде біледі.

Nova City – Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үйдің жаңа сапасы

«Бүгін клиенттеріміз компанияны Nova city тұрғын үй кешенімен байланыстырады. Жобаның танымал болғаны соншалықты, компанияны «Otau Development Group» деп емес, «Nova City» деп жиі атай бастады. Nova – «жаңа». City - «қала, астана». Nova city - жаңа астана, клиенттеріміздің жаңа өмірі. Біз олармен бірге өсеміз, біздің ұран – «Бірге өсеміз». Сонымен қатар, жаңа атау біздің мақсатымызды да айқындайды, бұл «қолжетімді тұрғын үй» сегментіндегі тұрғын үй құрылысының технологиясы мен дамуындағы инновациялар, - дейді Nova City компаниясының бас директоры Андрей Гуцал.

Nova City – Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үйдің жаңа сапасы

2018 жылы компания Астананың сол жағалауында, «Барыс Арена» мұз сарайының жанында Sezim Qala тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады. Сондай-ақ, белгілі «Зеленый Квартал» тұрғын үй кешенінің жанындағы Сығанақ даңғылында орналасқан 458 пәтерлік Sunrise жобасы да бар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel