Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тартылыс күші бар": Ерке мен Төреғали неліктен бір уақытта фильм шығарған?

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан өзінің Төреғали Төреәлімен бір уақытта фильм шығаруына қатысты пікірін айтты. Шоу-бизнес өкілі өзінің продюсер әрі актриса ертіндегі тырнақалды туындысының көреременге ұсынылу сәті әріптесінің киносымен тұспа-тұс келіп қалғанын жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ: UGC

Ерке Есмахан өз фильмнің Төреғали басты рөлді сомдаған "Ұлы дала комедиясымен" бір уақытта шығуын жай ғана сәйкестік деп түсіндірді.

Әнші "Махаббат кафесі" кинокартинасының дәл осы кезде шықанын әдейі мақсат етпеген.

"Біріншіден, біз Төреғалидің киносы қашан шығатынын білген жоқпыз. Көрсетілім күнін алдын ала белгілеп қойғанбыз. Оның туындысы бізден бұрын шығатынын одан кейін бірақ естідік. Ол енді сәйкестік шығар. Білмеймін ғой, Төреғали екеуміздің бір-бірімізге деген тартылыс күшіміз бар." , - деді әнші.

Өнердегі әріптесімен қатар фильм шығаруын сәйкестікке теңеген Ерке қай туындының көбірек ақша әкелетінін халық шешетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмаханның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760993-tartylys-ksi-bar-erke-men-tregali-nelikten-bir-uakytta-film-sygargan/

pixel