RU

Әлемдегі ең бай адам бір сәтте тақырға отырды

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос екі күн ішінде 19,2 миллиард долларынан айырылып қалды деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

26 қазан күні NASDAQ биржасындағы Amazon акцияларының құны 7,8 пайызға құлап, 29 қазан күні тағы 6,3 пайызға төмендейді.

Сарапшылардың пікірінше, үлкен шығынға компанияның үшінші тоқсанға берген есебі себеп болған.

Онда жоспар бойынша күтілетін қаржылай түсім көлемі 56,6 миллиард доллар деп, 0,5 миллиардқа төмен көрсетілген екен.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Amazon-ның NASDAQ биржасындағы бір акциясы 1538,9 долларға тең.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760997-lemdegi-e-baj-adam-bir-stte-takyrga-otyrdy.html