RU
"Етегін жауып жүрсе": Отандық әншілер атышулы Байзақованы сөгіп тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Етегін жауып жүрсе": Отандық әншілер атышулы Байзақованы сөгіп тастады

Рассказать Вконтакте

Жеңіс Ысқақова мен Мөлдір Әуелбекова атышулы Айжан Байзақоваға қатысты ойын ашық айтты. Отандық танымал әншілер желіде ашық суреттерінің арқасында танылған аруды сынап тастады деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

"Байзақова сіңіліміз абай болып жүрсе екен. Біреу ашуланып, қиянат жасауы да мүмкін. Қазақтың қызы не істеп жүр деп бір күні әлдекім басынан бір ұрса жаман болады" , - деді Жеңіс Ысқақова.

Жақында ғана жүкті екенін мәлімдеп, дүйім жұртты таңғалдырған Айжан өзге өнер иелерінің де сынына ілікті.

Мәселен, әнші Мөлдір Әуелбекова атышулы арудың оғаш әрекеттерін құптамайтын болып шықты.

"Біздің дәстүрімізге, тәрбиемізге жат дүние жасайды. Біз қаны таза текті халықпыз. Сол себепті етекті жауып жүрген дұрыс қой" , - деді ол.

Шоу-бизнес өкілдері ерсі қылық танытқан бойжеткенді сөгіп жатқанда, оны жақтайтындар да табылды. Айжан Нұрмағамбетова өзімен аттас қызға керісінше қолдау білдіретінін жасырмады.

"Қайдан білесіңдер, мүмкін қасында жақсы жігіті бар шығар. Қазір жастар өздері біледі" , - деді әнші.

Айта кетейік, танымал блогер Айжан Байзақова өзінің сәбилі болатынын хабарлап, көпшілікті таңғалдырған болатын. Болашақ ананы бірден отандық танымал вайнерлер жарыса құттықтай бастады. Оған қоса, ару басында тұрмысқа шыққанын мәлімдеп, артынан ажырасып кеткенін де жеткізді.

Бойжеткен болашақ баласының жынысын да өз оқырмандарына айтып қойды. Оған қоса, желіде жалаңаш фотосы арқылы танылған ару барынша жабық киіне бастады. Ару тіпті өз парақшасына қара хиджаб киген суретін де жүктеп қойған.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова, Жеңіс Ысқақова мен Айжан Нұрмағамбетованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel