RU
Қазақстан әкімдері қанша айлық алады?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстан әкімдері қанша айлық алады?

Рассказать Вконтакте

Қазан айында облыс әкімдері өздерінің айлық жалақыларын жария еткен болатын. NUR.KZ бұл ақпараттарды талдап, басым көпшілігінің жалақысы бір деңгейде екенін анықтады. Алайда қолдарына басқалардан көп айлық алатындар да бар болып шықты.

Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мақаланы жазбас бұрын облыс әкімдері мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жалақылары туралы ақпараттар талданды.

Ағымдағы айда 14 облыс әкімінің жетеуі өз жалақыларын жария еткен еді.

Түркістан облысы (Жансейіт Түймебаев) және Қарағанды облысы (Ерлан Қошанов) әкімдерінің айлықтары мемлекеттік қызметтегі өтілдерін есепке алғанда 967 мың теңгені құраған. Міндетті салық пен зейнеткерлік төлемдерді алып тастағанда 786 мың теңге қалады екен.

Ақмола облысының басшысы қолына 786 мың теңге алса, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов 761 мың теңге алады екен.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов 744 мың айлық алса, Атырау облысының басшысы 742 мың алады.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жалақысы Түймебаев пен Қошановтікімен бірдей 967 мың теңгені құрайды екен. Міндетті салықтар мен зейнеткерлік төлемдері төленгеннен соң ол 864 мың теңгені толығымен алады. Бұл Түркістан мен Қарағанды облыстарының әкімдерінің жалақысынан 78 мың теңгеге көп.

Себебі Сапарбаев зейнеткерлік жасына жетіп, БЖЗҚ-на зейнетақы төлемдерін төлемейді екен. Осы жайтты ескерсек, зейнеткерлік жасына жеткен басқа өңір басшылары да бірталай ақшаны өздеріне қалдырады екен.

Зейнеткерлік жасына келесі облыс әкімдері жеткен: Қызылорда (Қырымбек Көшербаев), Алматы (Амандық Баталов), Шығыс Қазақстан (Даниал Ахметов).

Анық-қанығын білу үшін бір жарым апта бұрын NUR.KZ олар басқарып отырған ведомстволарға сұраныс хат жіберген болатын. Бүгінгі таңда әкімшіліктердің көбі жауап қайтармады, ал жауап бергендері басшыларының жалақыларының мөлшерін көрсетпеген.

Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің ішінде Алматы әкімі Бауыржан Байбектен басқалары жалақыларын жария етті

NUR.KZ алған мәліметтерге сәйкес, Астана басшысы Бақыт Сұлтановтың жалақысы 967 теңгені құрайды. Ол қолма-қол 786 мың теңге алады.

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жалақысы 953 теңгені құраса, өз қолына 762 теңге алады екен.

Республикалық маңызы бар қалалар әкімдері мен облыс әкімдерінің жалақысын салыстырсақ, олардың жалақы көлемі бір деңгейде екенін байқауға болады. Министрлердің де жалақысы осы көлемде.

Сайсаттанушы Талғат Қалиев әкімдер мен министрлердің жарияланған жалақы көлемі жоғары емес, керісінше төмен екенін айтты. Бұл дәрежедегі шенеуніктердің жалақысының жоғары болуына екі себеп бар. Біріншіден, сыбайлас жемқорлық деңгейі азаяды. Екіншіден, мемлекеттік қызметке өз ісінің білікті мамандары тартылады.

"Миллиардтардың тағдырын шешетін қолтаңбаны қоятын адамның жалақысы жоғары болуы керек. Сонда оны азғыра алмайсың және ол өз лауазымын қадірлейтін болады. Жалақы көлемі жоғары болғанмен, жауапкершілік те жоғары болуы керек", - деді Талғат Қалиев.

Осы пікірмен Шымкент әкімі де келіседі. Әбдірахымовтың ойынша, мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларының мөлшері ірі кәсіпорындардағы қызметкерлердің жалақысымен бірдей болуы керек екен.

"Мемлекеттік қызметкерлердің еңбегін бағалау жүйесіне келсек, олардың жалақы көлемі ірі жеке кәсіпорындардағы қызметкерлердің жалақысымен парапар болуы керек. Бұл халықаралық тәжірибе! Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы ештеңеден қысылмай өмір сүруге мүмкіндік беруі керек, сонда сыбайлас жемқорлық қаупі де азаяды", - деді қала басшысы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel