RU
Белгілі журналист әйелінің аяғын сүйген Рашевтің масқарасын шығарды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Белгілі журналист әйелінің аяғын сүйген Рашевтің масқарасын шығарды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын италиялық келіншегінің аяғын сүйіп, желіні шулатқан Ержан Рашевті елімізге белгілі журналист Бибігүл Дәулетбек сынап тастады деп жазады NUR.KZ.

Рашев, Бибігүл Дәулетбек. Фото: Желідегі парақшасынан алынды

Рашев, Бибігүл Дәулетбек. Фото: Желідегі парақшасынан алынды

Журналист Рашевтің бір данасы 5000 теңгеден сатылымға қойған кітабының плагиат екенін Instagram парақшасында жариялаған.

"Рашевтың италиялық әйелінің аяғын сүйіп жатқанын көріп оны жамандап немесе сондай жігіт жолықса деп армандап болған шығарсыздар. "Осындай еркегім болса" деп тамсанғандардың пікірін оқып, жүрегім айнып кетті.

Қай заманда ата-бабамыз әйелінің аяғын жалап еді? Арсыз адамға бәрібір. Маған аяғын сүймек түгілі, табанының астында отырса айырмашылық жоқ.

Жеке басында шаруам шамалы. Тек бір ұқпайтыным - қазақтың бір тамшы иісі шықпайтын осы адамның плагиатшылдығына ашуым келеді.

Біреудің жасаған дүниесін беті бүлк етпей, кітап етіп шығаратынын қайтерсіз?!

Плагиатшыл екенін өзі мойындайды. Бірақ байлық пен атаққұмар еместіне кейбіреулерді сендіргісі келеді", - деген Бибігүл Дәулетбек Рашевтің "Шерлок Холмс" кітабының мұқабасына дейін көшіріп алғанын жайып салды.

"Соның қырық өтірігіне сенгендерге таңым бар. IQ төмендер алданбаса екен деймін. Оның 5000 теңге тұратын кітабын сатып алатындарды аяймын.

Мотивация керек болса, Дейл Карнегиді оқысаңыздаршы. Кеше ғана қазақ қызының осы Рашевты қатты құрметтейтінін естідім. Сосын есіме Шерлок Холмс кітабы, оның ішіндегі қаншама адамдардың есіл еңбегі түсіп кетті.

Мұқабасының өзін қалайша қорықпай, көшіріп алғанына таңым бар. Осы кітапты тексерген factcheck.kz-тің айтуынша, тек осы кітаптағы авторлар ғана Рашевты сотқа бере алады екен.

Басқалардың құқығы жоқ. Әлгі авторлар білсе, жанын шығаратын еді. Әттең, қайдан білсін! Қазақ елінде жүрген бір Рашев плагиатшылдың барын", - деді ашуланған журналист.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
1
0
0
33
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel