RU
Сүлейменов кәсіпкерлерден бағаны шарықтатып жібермеуді сұрады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сүлейменов кәсіпкерлерден бағаны шарықтатып жібермеуді сұрады

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов кәсіпкерлерді айлық көтеріле сала, бағаларды қымбаттатып жібермеуге шақырды деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Фото: Altyn-orda.kz

Фото: Altyn-orda.kz

Министр ірі және орташа сауда желісі бар кәсіпкерлерден айлық жалақысы өсетін халыққа тауар бағасын шарықтатып қоймауды сұрады.

"Бұл мәңгілік жарыс. Сәйкесінше, біз жалақының артта қалып қоюына байланысты көтеріліп жатқанын есепке алуымыз керек", - деді Ұлттық экономика министрі.

Сүлейменовтың сөзінше, соңғы екі жылда азаматтардың табысы экономикалық өсімге ілесе алмай келеді. Сондықтан қазір осы көрсеткіштерді реттеп алу негізгі мақсат екенін атап өтті.

"Осы орайда, кәсіпкерлер тарапынан көрсетілген әлеуметтік жауапкершілік үлкен көмек болар еді", - дейді министр.

Аталмыш мәселе үкіметтің қатаң бақылауында тұр.

Айта кетейік, Нұрсқлтан Назарбаев өзінің соңғы жолдауында ең төменгі жалақы мөлшерін бір жарым есеге дейін көтеру туралы тапсырма берген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel