RU

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық азамат қаза тапқан

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық азамат қаза тапты. Марқұмдар ел аумағында заңсыз жүрген деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: svitua.com.ua
Көрнекі фото: svitua.com.ua: UGC

Соңғы уақытта Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген мигранттар арасында қылмыс саны көбейген.

Осыған байланысты Оңтүстік Корея билігі оларды өз еліне депортациялап қана қоймай, миллиондаған айыппұл салу туралы шешімге келіпті.

Өткен жылы Корея аумағында төрт қазақстандық мерт болған. Олардың өліміне не себеп болғаны ашық түрде жарияланбайды. Белгілісі, барлық азаматтар елдегі өндіріс орындарында жұмыс істеген.

Сондай-ақ, онда Корей заңнамасын бұзғандар да анықталды. Жеті қазақстандық шет елде бұзақылық жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың ішінде төртеуі мемлекет аумағында заңсыз жүрген болып шықты.

Олардың арасында өз отандасын өлтірген және Оңтүстік Корея азаматшасын зорлаған қылмыскерлер де болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761038-otstik-koreada-trt-kazakstandyk-azamat-kaza-tapkan.html