RU
Іле ауданында хиджабқа оранған 25 оқушы мектеп формасына ауысты
Жаңалықтар Қоғам

Іле ауданында хиджабқа оранған 25 оқушы мектеп формасына ауысты

Рассказать Вконтакте

Іле ауданында мектеп оқушыларының бірыңғай формаға өтуіне байланысты бірнеше түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 27 қыздың 25-і хиджабтарын шешкен. Бұл туралы аудандағы білім бөлімінің бас маманы Арайлым Төлеубекова dalanews.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.

Көрнекі фото: albiladdailyeng.com

Көрнекі фото: albiladdailyeng.com

Маманның айтуынша, мектептегі орамал тағатын оқушыларға форма кигізу оңайға соқпаған. Олардың қалыпты киімге көшуіне ата-аналары да табандап қарсы тұрыпты.

Осыдан кейін Алматы облысынан арнайы комиссия құрылып, психологтар мен дін қызметкерлері біріге отырып, ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Олар ересектерге баласын мектеп формасына көшірмеген жағдайда ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін екенін ескертіпті.

Егер ата-аналар заң талаптарына бағынбаған жағдайда бұл іс Ювеналды соттың қарауына өтеді. Мұндай соттар балалар құқықтарын қорғауға және баламен жасалатын қылмыстың алдын алуды көздейді.
Бөгде ағымның жетегінде кетіп, балаларының өміріне кесірін тигізген ата-аналардың ісін осы сот қарап, құқықбұзушылық анықталған жағдайда оларды ата-ана құқығынан айырады.

Айта кетейік, аудандағы хиджаб оранған қыздар арасында мектеп табалдырығын енді аттаған даярлық тобының оқушылары да болыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel