RU
Еліміздегі министрлер мен депутаттардың жалақысы өспейтін болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Еліміздегі министрлер мен депутаттардың жалақысы өспейтін болды

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздегі лауазымы жоғары шенеуніктер мен министрлердің жалағысы өспейтінін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздегі министрлер мен депутаттардың жалақысы өспейтін болды

Көрнекі фото: kommersant.ru

"Еңбекақыны өсіру қатардағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Шын мәнінде, мемқызметшілердің бір бөлігі еңбекақыны ең төменгі деңгейде алған болатын. Енді олар тиісті үстемеақыны алады.

Бұл өз кезегінде қатардағы қызметшілер, яғни олар министрлер мен олардың орынбасарлары немесе депутаттар емес.

Бұл тек қана бюджеттік сала қызметкерлеріне қатысты.

Осы орайда, мұғалімдер, кеңсе қызметкерлері, іс жүргізушілер, ауруханадағы санитарлар қамтылады.

Атап айтқанда, Жолдаудағы міндеттер осы қатардағы адамдарға бағытталды. Сондықтан еңбекақының өсуі министрлер мен лауызымды шенеуніктерге қатысы жоқ», - деді Тимур Сүлейменов Мәжілістегі жалпы отырыстан кейін.

Сіздің реакцияңыз
3
1
2
0
1
22
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel