RU
Сүлейменовтің өліміне қатысты іс: Айыпталушы 14 млн төлеуге дайын екенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Сүлейменовтің өліміне қатысты іс: Айыпталушы 14 млн төлеуге дайын екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Астанада Олжас Сүлейменовтың немересі Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот отырысы болып өтті. Онда айыпталушы Малика Мұхитова марқұмның жақындары талап еткен материалдық шығынды толықтай өтеуге дайын екенін жеткізді деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының қызы Малика Мұхитова сот отырысында сөз сөйлеп, жәбірленуші тараптың банктік шотын күтіп отырғанын баяндады.

"Талап бойынша өтемақыны толығымен өтеуге дайынмын. Біз ол тараптан банк шотының нөмірін жолдауды өтінген едік. Алайда олар банк шотын әлі жіберген жоқ", - деді айыпталушы.

Айта кетейік, осыған дейін жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Ескендір Сүлейменовтың жақындары айыпталушы тарапқа материалдық шығын ретінде 14 миллион 753 мың 190 теңге төлеуді талап еткен.

Сондай-ақ, марқұмның анасы ол қаржыны неге сұрағанын түсіндіріп берді.

Апат бойынша айыпталып жатқан Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының қызы Малика Мұхитова сот алдында марқұмның отбасынан жылап тұрып кешірім сұраған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel