RU
26 жастағы қытайлық жігіт "Интер" футбол клубын сатып алды
Жаңалықтар Спорт

26 жастағы қытайлық жігіт "Интер" футбол клубын сатып алды

Рассказать Вконтакте

Италиялық "Интер" футбол командасының президенті болып 26 жастағы кәсіпкер Стивен Чжан тағайындалды. Осыған дейін оны индонезиялық бизнесмен басқарған деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Клуб, оның мүшелері мен қала сізді қатты күтті. Қош келдіңіз, президент Чжан", - деп жазылған "Интердің" Тwitter парақшасында.

Еске салсақ, "Интер" акциясының бақылау пакеті Стивеннің әкесі Чжан Цзиньдунның иелігінде болатын. Оның отбасы соңғы екі жылда клубтың беталысын бақылап отырған. Ал Чжандарға дейін футбол клубын индонезиялық кәсіпкер Эрик Тохир басқарып келді.

Ал "Интер" клубы Италиялық А сериясындағы тізімде тоғыз тур ойыннан кейін үшінші орында келеді. "Нерадзурри" чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үш ойыннан кейін екінші орынға шықты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel