RU
Медицина қызметкері ауруханада жүздеген науқасты өлтіргенін мойындады
Жаңалықтар Әлемде

Медицина қызметкері ауруханада жүздеген науқасты өлтіргенін мойындады

Рассказать Вконтакте

Германияда бұрынғы медицина қызметкері жүздеген науқасты өлтіріп тастаған. Ол бұл қылмысы туралы алғашқы сот отырысында мәлімдеді деп хабарлайды Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: fakty.com.ua

Көрнекі фото: fakty.com.ua

Нильс Зегель 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейін Ольденбург қаласындағы ауруханада 36, ал көрші Дельменхорста 64 адамды өлтірді деп айыпталып отыр.

Тергеу материалдарына сәйкес ол жан сақтау бөлімінде жатқан науқастарға дәрілердің өмірге қауіпті мөлшерін салып отырған. Осылайша медицина қызметкері әріптестеріне адамдарды өмірге қайта әкелудің жаңа жолдарын көрсеткісі келіпті.

Алғаш рет Зегель 2008 жылы сотталған. Ол кезде адам өлтірген азамат жеті жыл түрмеге жабылыпты. Ал екінші рет 2015 жылы медицина қызметкері бес және одан да көп адамның өмірін қиғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған екен. Артынша қылмыскер өзінің тағы 30 адамды ажал құштырғанын жеткізіпті.

Тергеушілер құрбандардың саны 200-ге жуық болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
4
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel