RU
Маңғыстау облысында жұмысшы бригадирді пышақтап тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Маңғыстау облысында жұмысшы бригадирді пышақтап тастады

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының Жаңаөзен маңындағы ауылда жұмысшы өз басшысын пышақтап тастады. Бұл туралы Лада сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Replyua.net

Көрнекі фото: Replyua.net

Оқиға Қызылсай ауылында болған. Ауылшаруашылық алқабында жұмыс істейтін бригадир өз жұмысшысына тапсырма берген. Алайда ол істі атқарудан үзілді-кесілді бас тартқан көрінеді. Осы мезеттте ашуға булыққан басшы жұмысшыны аяқпен теуіп, артынша қуып жіберген екен.

Осылайша жұмысшы вагонға ұйықтауға кетіпті. Біраз уақыттан соң бригадир оның соңынан барып, азаматты балағаттай бастапты. Екі еркектің арасында туындаған ұрыс нәтижесінде жұмысшы бригадирге пышақ сұғып алған екен. Жарақат салдарынан басшы оқиға орнында көз жұмған.

Сот шешімі бойынша Өзбекстан азаматы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, марқұм болған бригадир де сол елдің азаматы болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel