RU

337 мың теңге: Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері анықталды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың айлық зейнетақысының ең төменгі және ең жоғарғы мөлшерін анықтады. Бұл туралы Tengrinews агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: qazaly.kz
Көрнекі фото: qazaly.kz: UGC

Зейнетақы қоры басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева 2018 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері 15273 теңге, орташа мөлшері-20179 теңге, ал жоғары мөлшері 337059 теңгені құрағанын айтты.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында қыркүйек айының соңында қазақстандықтар жинағының жалпы сомасы 8,9 трлн теңгеге жеткенін мәлімдеді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға, яғни, 1,4 трлн теңгеге көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761087-337-my-tege-kazakstandagy-e-zogary-zejnetaky-mlseri-anyktaldy.html