RU

Теракт уақытында анасына видеоүндеу жолдаған жігіт жұртты жылатты (видео)

Үндістандық телеарна журналисі Мор Мукут Шарм жарылыс орнынан анасына видеоүндеу жолдаған. Бейнежазба тілшінің Twitter парақшасында жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC
"Ол бұл сәттерді өмірінің соңғы минуттары деп ойлаған. Бірақ, ол аман қалған", -деді телеарна қызметкері.

Бейнежазбада тілші шабуылшылардан жасырынып жатқан. Жерде тығылып отырған ол камераға қарап анасына үндеу жіберген.

"Мен осы шабуылдан соң өліп кететін сияқтымын",- дейді ол видеода.

Шарм түсірілім тобы қоршауға алынғанын жеткізген. Алайда теракт барысында арнаның операторы мен екі полицей көз жұмған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761089-terakt-uakytynda-anasyna-videondeu-zoldagan-zigit-zrtty-zylatty-video.html