RU
Таразда қоқыс арасынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Таразда қоқыс арасынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Таразда қоқыс контейнерлерінің маңындағы өртті сөндіруге келген мамандар үйілген қоқыс арасынан жаңа туған нәрестенің денесін тауып алды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ru.narodna-pravda.ua

Фото: ru.narodna-pravda.ua

Орын алған өрт туралы хабарлама жергілікті тұрғындардан келіп түскен. Жаңа туған сәбидің денесі өртке оранған жапырақтардың арасынан табылды.

Куәгерлер нәрестенің табылуына дейін жарты сағат бұрын қоқыс контейнерлері қасынан екі бойжеткенді көргендерін айтты.

Қазіргі таңда полицейлер қайтыс болған сәбидің анасын іздестіріп жатыр.

Олар жаңа туған нәрестенің неден көз жұмғаны мен орын алған өртке кімнің қатысы бар екенін анықтамақ.

Дереккөз: КТК

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
5
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel