Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқұм анасына өлең арнаған Бейбіт Қорған жұрттың жүрегін ауыртты (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Бейбіт Қорған анасына деген сағынышын жеткізіп, оқырмандарын жылатып қойды. Шоу-бизнес жұлдызы марқұм анасының туған күнінде Instagram парақшасында оған өлең шумақтарын арнаған деп жазады NUR.KZ.

Бейбіт Қорғанның әлеуметтік желідегі жантебірентерлік жазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретті. Әнші анасының билеп жүрген видеосын жүктеп, оны туған күнімен құттықтады.

Желі оқырмандары марқұм анасын есіне алған отандық жұлдызға қолдау білдіріп, оған сабыр тіледі.

"Анашым, сезесің бе шаршадым, Қара түнде жамылып ап көрпені, Еске алумен, жылауменен Сені аңсадым!
Анашым, сезесің бе шаршадым, Мейірімі керек емес маған басқаның. Сенің ғана сөздеріңе зәрумін, Сені ғана сағынып, мен аңсадым!” Туылған күніңіз құтты болсын анашым!" , - деген өлең шумақтарын жазған әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Қорғанның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761106-markm-anasyna-le-arnagan-bejbit-korgan-zrtty-zregin-auyrtty-video/

pixel