RU
Қарашаның алғашқы күнінде еліміздің басым бөлігінде күн суытады
Жаңалықтар Қоғам

Қарашаның алғашқы күнінде еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Рассказать Вконтакте

Күздің соңғы айының алғашқы күнінде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек батыс, оңтүстік-батыс өңірлерде ғана ауа райы ашық болуы мүмкін деп хабарлайды Қазгидромет.

ы ипцп

Көрнекі фото: www.msk.kp.ru

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақмола облысында көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Алматы, Қарағанды облыстарында, түнде Павлодар облысында кей жерлерге тұман түседі, Қарағанды облысының кей бөліктерінде көктайғақ болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel