Выйти
RU

Отандық әнші өзін тастап кеткен "Ninety One" серісін ұмыта алмайтынын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өнер әлеміне енді аяқ баса бастаған Риза есімді әнші өзін тастап кеткен 91 тобының мүшесіне қатысты ойын жеткізді. Дүйім жұртқа "Әлем" лақап атымен танылған жігіт арудың жүрегін жаралап кеткен. Десе де, бойжеткеннің оған деген сезімі әлі де өшпеген көрінеді деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Қазақстандық шоу-бизнеске енді ғана қадам жасаған жас әнші бұрынғы сүйіктісі Батырхан Мәліков туралы бар сырын ақтарды.

"Мені енді үнемі Әлеммен бірге байланыстырады. Бірақ болғаны болды мен оны өшіре алмаймын өз өмірімнен. Біз бала кезден біргеміз. Бір қалада туып-өстік, бірге оқуға түстік Ресейге. Алматыға да бірге келдік" , - деп ағынан жарылды Риза.

Бойжеткен бұрынғы сүйіктісімен бақытты күндерді бастан кешкенін айтып, оны әлі де ұмытпағанын жеткізді.

Желі оқырмандары Ризаның "91" тобындағы серіні қайтарып алуға ниетті екенін де болжады.

Айта кетейік, бұған дейін атышулы топтың әншісі бұрынғы сүйіктісін дамуға талпынбағаны үшін тастап кеткенін жазған болатынбыз.

Ашуға булыққан ару өзін дәлелдеу үшін шоу-бизнеске бет бұрып, танымал әнші болуға барын салып жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Отандық әнші өзін тастап кеткен "Ninety One" серісін ұмыта алмайтынын айтты