Выйти
RU

Сымбатты қазақ жігіті шыныққан денесімен аруларды естен тандыруда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Салауатты өмір салтын ұстанып, дене сымбатын сақтайтын ақтөбелік жігіт аруларды өзіне ғашық қылуда. Instagram желісінде танылып келе жатқан азамат туралы NUR.KZ порталы жазады.

Абдулахат Әнесов алты жасынан бастап еркін күреспен айналысқан.

Ол Ақтөбе қаласындағы №30 мектепте оқып, артынша Жұбанов атынадағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде білім алған.

1995 жылы туған жігіт осыдан үш жыл бұрын фитнес орталыққа күзетші болып жұмысқа тұрыпты.

Артынша спортқа бет бұрған ол сегіз айдан соң жарысқа дайындала бастаған.

Осылайша, алғашқы сайысына 2017 жылдың көктемінде қатысып, қола жүлдегер атанған екен.

Бүгінде Абдулахат Ақтөбе қаласында фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

Ол биыл бодибилдингтен өткен Қазақстанның 31-ші ашық чемпионатында жеңімпаз атанған.

Әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді қолданатын Абдулахат қазір түсірілімдерге қатысып жатыр екен.

Ол жақында жақсы жаңалық болатынын айтып, оқырмандарын қуантып қойыпты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сымбатты қазақ жігіті шыныққан денесімен аруларды естен тандыруда