Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдызсыз өмір жоқ": Қайрат Нұртас жарын жер-көкке сыйғызбай мақтады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас журналистерге берген сұхбаты барысында жұбайын көкке көтере мақтады. Эстрада жұлдызы ағынан жарылып, өзінің жары туралы бар ойын жеткізген. Оның Жұлдыз Әбдікәрімова жайлы айтқан жылы сөздері көпшілікті елжіретті деп жазады NUR.KZ.

Қайрат Нұртас төрт баласының анасы туралы не ойлайтынын жасырмай айтты.

Шоу-бизнестің жарқын жұлдызы сүйіктісінің бойында мін жоқ екенін алға тартып, оған мақтау сөздерін жаудырған.

Әйелін сипаттап беруін сұраған тілшіге Қайраттың берген жауабы мынадай болды:

"Ой Жұлдыз енді өте сабырлы. Менің әдемім. Айта берсең көп. Мен Жұлдызсыз өмір сүре алмаймын, шыны керек" , - деді әнші.

Сұхбаттың видеосын тамашалаған желі қолданушылары отандық жұлдыздың жары туралы айтқан сөздеріне тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді.

Eстеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761117-zldyzsyz-mir-zok-kajrat-nrtas-zaryn-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady/

pixel