RU
Өз әйелін атып өлтірген милиция капитаны жаға ұстатты
Жаңалықтар Әлемде

Өз әйелін атып өлтірген милиция капитаны жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтін азамат өзінің жұбайын қызметтік тапаншасымен атып өлтірген. Хатлон облыстық прокуратурасының тергеушілері Вахш ауданындағы милиция капитанының қылмысын әшкереледі деп хабарлайды Centralasian.org.

Өз әйелін атып өлтірген милиция капитаны жаға ұстатты

Көрнекі фото: rostovgazeta.ru

Қайғылы жағдай 9 қыркүйекке қараған түні орын алған.

Милиция капитаны Набиджон Аминджонов сол күні Тәжікстан тәуелсіздігі күніне орай салтанатты кештен келіпті.

Жанұяда шыққан жанжал кезінде ол әйелін атып тастаған. Турсуной Аминова сол жерде тіл тартпай кетіпті.

Бұл сұмдық жайтқа олардың кәмелет жасына толмаған екі баласы куә болған.

Алайда капитан Аминджонов өзіне тағылған айыптарды мойындамай отыр.

Айта кетерлігі, марқұм болған Турсуной Аминова жергілікті мектептердің бірінде әдебиет пәнінен сабақ берген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
7
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel