RU

Қырғыздар айыр қалпақты қорлағандарды қатаң жазалайтын болды

Қырғызстанда айыр қалпақты қорлағандар жауапкершілікке тартылатын болды. Ұлттық бас киімге қатысты жаңа заң депутат Жогорку Кенеша Экмат Байпакпаевтың бастамасымен заңдық күшіне енді деп жазады kabar.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ia-centr.ru
Фото: ia-centr.ru: UGC

Қырғыздардың ұлттық бас киіміне мәдени нышан дәрежесін тағайындау туралы заңы айыр қалпақты қорлағандарды қатаң түрде жазалауға мүмкіндік бермек.

"Қылмыстық Кодекс 65-2 бабымен толықты. Енді ұлттық бас киімді қорлағандар заң аясында жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл заңды бұзғандарға бірінші дәрежелі айыппұл тағайындалады. Жеке тұлғалар үшін 10 есептік көрсеткіш болса, заңды тұлға 50 есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаржыны төлеуге міндеттелді" , - дейді Байпакпаев.

Ұлттық бас киімді қорлаған оқиғалармен жергілікті өзін-өзі басқару органдары айналысатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761126-kyrgyzdar-ajyr-kalpakty-korlagandardy-kata-zazalajtyn-boldy.html