Выйти
RU

Өзбек азамат төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің Челябинск облыстық соты төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберген 31 жастағы Өзбекстан азаматына қатысты үкім шығарды деп хабарлайды kabarlar.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: kabarlar.org

Көрнекі фото: kabarlar.org

Сот отырысында белгілі болғандай, Бахром Дадаханов бірге тұратын әйелмен келісе алмай қалыпты.

Осыдан кейін азамат өзін, келіншегі мен кішкентай баласын да өлтіруді ойлаған.

Айыпталушы аулаға шығып, көлігіндегі бензин толы ыдысты алып келеді. Содан соң жанғыш сұйықтықты өзінің жән әйелінің үстіне, үйдегі жиһаздарға құйып, күкіртті жағып жіберген.

Нәтижесіеде ересек әйел мен ер адам далаға қашып шығып, үстіндегі отты сөндіріп тастайды. Ал төрт жасар бала жанып жатқан үйде қамалып қалып, мерт болған.

Сот алдына келгенде Дадаханов төрешіге отты өзі қоймағанын айтып, біреулер қастандық ұйымдастырды деп сендірмек болған.

Алайда оның барлық қылмысы дәлелденген соң, сот оны 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзбек азамат төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберген