RU
Құдағиды кілемге орап лақтырған қазақтар елді дүрліктірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Құдағиды кілемге орап лақтырған қазақтар елді дүрліктірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақ халқы шаңыраққа келін түскенде ең алдымен құдалық мәселесін алға қояды. Олар қызын тәрбиелеп өсірген жұртты ақ дастарханмен күтіп алып, көңілдерінен шығуға тырысады. Бүгінде бұл сыйластық өзгере қоймағанымен, құдаларға көрсетілетін құрмет мен салт-дәстүр басқаша бағыт алған. Оған құдаларды көрпеге орау, ол аздай кілеммен лақтыру үрдісі дәлел болады деп жазады Ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ernur.kz

Көрнекі фото: Ernur.kz

Құдаларға ерекше сый-құрмет көрсетілген видеоны танымал журналист Дана Бектұрған өз парақшасына жүктеді.

Кадрда құдағиды кілемге жатқызып, аспанға лақтырып жатқан қазақтар көрініс тапқан.

Алайда тележүргізуші бұл бейнежазбада ешқандай салт-дәстүр жоқ екенін, тек Астана қаласында солай істейтінін айтыпты.

Бұл видеоны тамашалаған желі қолданушыларының бірі мұндай сый-қүрметті алғаш рет көріп отырғандарын жеткізсе, екіншілері солтүстік өңірлерінде бұл дәстүр бар екенін айтқан екен.

"Көрдім бұл дәстүрді. Сіңілім тұрмысқа шыққанда Көкшетауда да осылай істеген", "Күшті, бірақ ұят қой", "Бізде мұндай дәстүр жоқ. Ерсі екен", "Мұндайды көрмеген екенмін", "Масқара", - деп жазған олар.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
63
7
9
3
4
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel