RU
Аяғы ауыр Байзақова ішімдікті тастау қиынға соққанын жасырмады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аяғы ауыр Байзақова ішімдікті тастау қиынға соққанын жасырмады

Рассказать Вконтакте

Атышулы блогер Айжан Байзақова жүкті болғалы қыдырыстарға толы өмір салтымен қош айтысуға мәжбүр болғанын айтты. Әсіресе, бойжеткен үшін ішімдікті тастау аса қиынға соққан деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Бұл туралы блогердің өзі Instаgram парақшасында мәлімдеген.

Желіде ашық-шашық суреттерінің арқасында танылған бойжеткен ішімдікті қояр кезде қатты күйзеліске шалдыққанын жасырмады.

"Бәрінен де ішімдікті қою мен үшін ауыр сынақ болды. Тіпті, біраз уақыт бойы үлкен күйзелісте жүрдім.

Бір-екі рет шыдамай түнгі клубқа барып, көңіл көтермек болдым. Алайда, әдеттегідей ішімдіктің орнына өзіме шайға тапсырыс бердім.

Жалпы жүктілігім жайлы Қазақстанның түрлі қалаларындағы түнгі клубтарды аралайтын кезде білдім. Артқа шегінерге жол болмады. Мен адамдардың ішімдік ішіп, көңіл көтеруіне міндетті едім.

Бұл тұрғыда актерлік шеберлігім көмектесті. Мен мас адамның рөлін мықты сомдағаным сонша, тіпті тобымдағы адамдар да сеніп қалды" , - деді Байзақова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel