RU
Беделді үш офицер 23 жастағы әріптестерін бөлімшеде зорлап тастаған
Жаңалықтар Әлемде

Беделді үш офицер 23 жастағы әріптестерін бөлімшеде зорлап тастаған

Рассказать Вконтакте

Уфада полиция бөлімшесінде үш азамат әріптестерін зорлағаны үшін қамауға алынған. Әскери қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды interfax.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жәбірленуші. Фото: Vesti.ru

Жәбірленуші. Фото: Vesti.ru

"Тергеу барысында анықталғаны: 30 қазан күні 23 жастағы қызды үш әріптесі полиция бөлімшесінде зорлаған. Полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір барлық күдіктілер қамауға алынды. Олармен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлеріне қандай жаза қолданылатыны әлі белгісіз.

Ал жәбірленушіге сот медициналық сараптамасы тағайындалды", - деп хабарлады Башқұртстан бойынша тергеу комитетінің баспасөз бөлімі.

"Комсомольская правда" басылымының мәліметінше, 23 жастағы жәбірленушінің заң университетін бітіріп, жұмысқа тұрғанына жарты жыл болған.

Бойжеткеннің әкесі де қаладағы беделді офицерлердің бірі екен.

Ал күдікті үш полицей бөлімшеде алкогольдік ішімдікке масайып алып, бөлімшеде басқа ешкім қалмағанын пайдаланып, жұмысын істеп жүрген аруды кабинетке шақырыпты.

Жас шамалары 51, 50 және 34-тегі лауазымды полицейлерден мұндай әрекетті күтпеген қыз олардың шақыртуына еш қорықпастан барғаныБед айтады.

Абыройлы қызметкерлер зорлық әрекетке барды дегенге өзге әріптестері де сенбей отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
6
10
1
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel