RU

"Жұлдыз болмайсың": Әйгілі продюсер жас актрисаны төсекке сүйреген

Польшаның бұрынғы моделі танымал америкалық продюсер Харви Вайнштейнді өзін зорлады деп айыптады. Продюсер Джейн Доуды 16 жасында үйіне алып барып, танымалдылыққа қол жеткізу үшін өзімен төсектес болуға үгіттеген деп жазады interfax.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:rtl.fr,interfax.ru
Фото:rtl.fr,interfax.ru: UGC

Джейн Доу Вайнштейнмен түскі ас ішуге келісіпті. Бірақ продюсер 16 жастағы жас актрисаны үйіне алып барып, төсек қатынасына мәжбүрлеген.

Алайда бойжеткен ұсынысынан бас тартқан соң, қатты ашуға бой алдырған продюсер Джейнді еркіне жіберген.

Бұл оқиға 2002 жылы орын алғанына қарамастан, Джейн Доу продюсердің үстінен арыз жазыпты.

Осыдан кейін Вайнштейн актрисаға қырсылық танытқаны үшін жұлдыз болмайтынын айтып, қорқытыпты.

Өз кезегінде бойжеткеннің жүйкесі жұқарып, анорексия дерті күшейе түскен.

Айта кетейік, New York Post басылымы Харви Вайнштейннің осыған дейін оншақты қызды төсектес болуға үгіттегенін жазды. Олардың арасында танымал голливудтық жұлдыздар Анджелина Джоли, Гвинет Пэлтроу, Ума Турман да бар.

Ал сотта Вайнштейннің бұл ісін растап, 80-ге тарта әйел заты түсініктеме берген. Продюсер әйелдерді болашақ карьерасын талқылау үшін қонақ үйге шақырып отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761150-zldyz-bolmajsy-jgili-produser-zas-aktrisany-tsekke-sjregen.html