Выйти
RU

Екі аяғы жоқ қазақ баласы Неймар, Кавани және Мбаппемен кездесті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астаналық Әли Тұрғанбековтің аңсаған арманы орындалды. Екі аяғынан айырылып қалған он жасар балақай Неймар, Кавани және Мбаппе секілді футбол жұлдыздарымен кездесті деп жазады Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosport.kz

Фото: prosport.kz

Анықталғандай, жарымжан баланың Франция астанасына баруы тұнғыш президент қорының қолдауымен іске асқан.

Ол "ПСЖ" футбол клубының аяқдопшыларымен кездесіп, бір алаңда ойнаған.

Әлидің ата-анасы баласымен кездесуден бас тартпай, оны бірден Парижге шақырған жұлдызды ойыншыларға алғысын білдірді.
Фото: prosport.kz

Фото: prosport.kz

"Достар асыл армандарымның бірі орындалды. Жаратушыға сансыз мадақ! Мен әлемнің ең мықты футболшылармен кездестім" , - деп жазды қуанышы қойнына сыймаған Әли.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Екі аяғы жоқ қазақ баласы Неймар, Кавани және Мбаппемен кездесті (видео)