RU
Ақышев БЖЗҚ-ны пирамидамен салыстырған сарапшыны сотқа бермекші
Жаңалықтар Экономика және бизнес

Ақышев БЖЗҚ-ны пирамидамен салыстырған сарапшыны сотқа бермекші

Рассказать Вконтакте

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жақында ғана БЖЗҚ-ның бес жыл ішінде құрдымға кететінін айтып, оны "МММ" пирамидасымен салыстырған сарапшы Айман Тұрсынханмен соттасуға дайын екенін жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ult.kz

Фото: ult.kz

Ақышевтің айтуынша, сарапшы қордағы ақшаның еліміздегі екінші деңгейлі банктерді қаржыландыруға жұмсалып кеткенін айтып, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан.

Егер Тұрсынхан жақын арада өз сөзін жоққа шығарып немесе ақпаратты растайтын есептерді көрсетпесе, қаржыны бақылаушы сотқа арызданбақшы.

Еске салсақ, осыған дейін Ұлттық экономика министрлігіндегі өңірлерді дамыту бойынша сарапшылар кеңесінің мүшесі Айман Тұрсынхан БЖЗҚ туралы пікір білдірген.

Алайда Қордағылар оның келтірген дәлелдері мен есептері тура емес дегенді айтуда.

Осыған қарамастан БЖЗҚ әзірге сарапшыны сотқа бермейміз деп отыр.

Айман Тұрсынхан болса өзіне қоқан-лоққы көрсетіліп жатқанын мәлім етіп, Бас прокуратураға шағымданған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel